|
|
0
0

Html code will be here

Жеткізу кезінде төлем жасау

Бөліп төлеу және несие рәсімдеу

Банктік карта арқылы төлеу

Tengrium.kz сайтында сатып алуларды төлеу тәсілдері

Сатып алушының тапсырысты төлеуі курьер арқылы тауарды беру немесе жіберуге кепілдік бермейді, себебі тапсырысты жинау және орау барысында қоймада тұрған тауардың ақауы немесе зақымдалуы анықталуы мүмкін. Сатушы бұл туралы Сатып алушыға хабарлап, тапсырысты жойып, ақшасын қайтаруға құқылы.
Тапсырыс "Расталды" мәртебесін алғаннан кейін ғана жеткізуге немесе өзі алып кетуге беріледі.
Сіз тауарды келесі серіктесіміз арқылы бөліп төлеу немесе несие рәсімдеу арқылы төлей аласыз:

"Қазақстан Халық Банкі" АҚ (Halyk Bank)

Halyk Bank арқылы бөліп төлеу / несие рәсімдеу процесі:
Сіз сатып аларда интернет төлемдер жасауға жарамды кез келген банк картасы арқылы қауіпсіз сервистер арқылы төлей аласыз:
  • АО «Қазақстан Халық Банкі» (Halyk Bank)
Tengrium.kz интернет-дүкенінде банк картасымен төлеу процесі:
  • Жеке кабинетке кіріңіз – Tengrium.kz интернет-дүкеніндегі жеке есептік жазбаңызға кіріңіз;
  • Өнімді таңдаңыз – Қалаған тауарды, өлшемін таңдаңыз да, «Себетке қосу» батырмасын басыңыз;
  • Себетке өтіңіз – «Себетке» кіріп, тапсырыс құрамын тексеріп, «Тапсырысты рәсімдеу» батырмасын басыңыз;
  • Жеке деректерді тексеріңіз – Атыңыз, тегіңіз және телефон нөміріңіз дұрыс толтырылғанын растаңыз;
  • Жеткізу әдісін таңдаңыз – Ыңғайлы жеткізу тәсілін таңдаңыз (Курьермен жеткізу, Дүкеннен алып кету);
  • Жеткізу мекенжайын таңдаңыз – Қолданыстағы мекенжайды таңдаңыз немесе жаңа мекенжай қосыңыз;
  • Төлем әдісін таңдаңыз – «Карта арқылы төлеу» нұсқасын таңдаңыз*;
  • Төлем сервисін таңдаңыз – Ыңғайлы төлем платформасын таңдаңыз:
  • Halyk Bank«Қазақстан Халық Банкі» АҚ шығарған карталар үшін қолайлы;
Промокодыңыз болса, енгізіп, «Төлеуге өту» батырмасын басыңыз;
Жаңа ашылған терезеде өзіңіздің банк картаңыздың мәліметтерін енгізіңіз (карта нөмірі, иесінің аты-жөні, жарамдылық мерзімі және CVV/CVC коды, email және телефон нөмірі).
Назар аударыңыз: картаңызда интернет-транзакцияларды жүргізу мүмкіндігі, жарамдылық мерзімі және жеткілікті қаражат бар екеніне көз жеткізіңіз.
Фискалдық чек сіздің профиліңізде көрсетілген электронды пошта мекенжайыңызға жіберіледі. Тапсырыс «Расталды» мәртебесіне өткеннен кейін, чек «Менің тапсырыстарым» бөліміндегі тапсырыс мәліметтерінде сақталады.
  • Tengrium.kz интернет-дүкеніндегі жеке кабинетіңізге кіріңіз;
  • Қажетті тауарды, өлшемін таңдаңыз да, «Себетке қосу» батырмасын басыңыз;
  • «Себетке» өтіп, Жеке мәліметтерді (Атыңыз бен Тегіңізді, телефон нөмірін) тексеріңіз және «Тапсырыс беру» батырмасын басыңыз;
  • Қалауыңызға сай «Жеткізу әдісін» таңдаңыз (Курьермен жеткізу, Дүкеннен өздігінен алып кету);
  • Жеткізу мекенжайын таңдаңыз немесе жаңа мекенжайды енгізіңіз;
  • Бар промокодыңызды енгізіңіз;
  • Одан кейін, Halyk Bank – Homebank қосымшасына өту қажет. Басты беттен «Бөліп төлеу» – «Серіктестер желісінде бөліп төлеу» – Tengrium бөлімін таңдаңыз;
  • 4 000 теңгеден 1 000 000 теңгеге дейінгі бөліп төлеу сомасын енгізіңіз*
  • Қалған өрістерді толтырып, «Келесі» батырмасын басыңыз және банктің шешімін күтіңіз.
Назар аударыңыз, бөліп төлеу мерзімі 3, 6 және 12 айға, ал несие 24 айдан 60 айға дейінгі мерзімге рәсімделеді.
Сіз сатып алған тауарды жеткізу кезінде курьерге (қолма-қол немесе банк картасы арқылы) төлеуге болады.

«Жеткізу кезінде төлеу» төлем әдісімен тапсырыс рәсімдеу процесі:

«Жеткізу кезінде төлеу» әдісі жеткізу сәтінде сәлемдемені ашуға немесе киім өлшеп көруге мүмкіндік бермейді.
  • Tengrium.kz интернет-дүкеніндегі жеке кабинеті́ңізге кіріңіз;
  • Қажетті тауарды, өлшемін таңдаңыз және «Себетке қосу» батырмасын басыңыз;
  • «Себетке» өтіңіз, Жеке деректеріңізді (Аты-жөні, телефон нөмірі) тексеріңіз және «Тапсырысты рәсімдеу» батырмасын басыңыз;
  • Сізге ыңғайлы «Жеткізу әдісін» таңдаңыз (Курьер арқылы жеткізу, Дүкеннен алып кету);
  • Жеткізу мекенжайын таңдаңыз немесе жаңа мекенжай қосыңыз;
  • Бар промокодыңызды енгізіңіз;
  • Содан кейін, төлем әдісі ретінде «Жеткізу кезінде төлеу*» нұсқасын таңдаңыз және тапсырысты рәсімдеңіз.
Назар аударыңыз, зергерлік бұйымдар/әшекейлер үшін «Жеткізу кезінде төлеу» төлем әдісін қолдану мүмкін емес.
Клиенттерге қызмет көрсету
Компания туралы
Біздің дүкендер
Әлеуметтік желілер
Қолдау қызметі
Copyright 2025 Tengrium